• Tidak ada hasil yang ditemukan

ХИМИЯ-ФАРМАЦЕВТИКА ӨНДІРІСІНДЕГІ Ұ ЗАҚ ЖӘНЕ ЖИІ АУЫРАТЫН ӘЙЕЛДЕРДІҢ АУРУЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Dalam dokumen Science & H ealth Care (Halaman 147-150)

Г.Ж.Сәрсенбаева

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясы, Шымкент қаласы Жиі және ұзақ ауыратындар (ары қарай - ЖҰА)

біздің зерттеулерімізде барлық жұмыс істейтін әйелдердің 12,3% құрады, бірақ олардың еншісіне барлық аурыру оқиғаларының 37,7% және еңбекке жарамсыз болған барлық күндердің 56,7% тиесілі болып отыр. Әр топтағы жиі және ұзақ ауыратындардың орташа шамасы (кесте 3.8) барлық топтағы адамдардың ішінде ЖҰА санатына жататындар бар екенін көрсетті, бірақ бұл көрсеткіштер жарақат және улану, қатерлі ісіктер бойынша (100%

құраса), қан айналым жүйесінің ауруымен (ауырғандардың 63,9% ), қан және қанжасау органдардың ауруы арасында 55,5% , жұқпалы және

паразитті аурулар арасында 46,1% , сүйек-бұлшық ет жүйесі аурулары 45% болып шықты. Өзге аурулар тобындағы жиі және ұзақ ауру оқиғалары да айтарлықтай мысалы, тыныс алу органдарының ауыруының құрамында 28,3% , жарақаттар мен уланулар арасында 12,1% , қан айналыс жүйесінің ауыруымен ауырғандарда 12,3% , сүйек-бұлшық ет жүйесінің ауыруымен ауырғандарда 11,7% және жүйке жүйесінің және сезім органдарының ауыруымен ауыруғандар арасында 11,3% брлып отыр.

Сонымен, ұзақ және жиі ауыратын әйелдердің санаты негізінен тыныс алу органдарының, қан айналым жүйесінің ауруларынан, жарақаттар мен

уланулар, сүйек-бұлшық ет жүйесінің және жалғастырушы терілердің аурулары, жүйке жүйесі мен сезім органдарының ауыруынан қалыптасады.

Алынған мәліметтер, ас қорыту органдарының паталогиялары жалпы аурушаңдықтың қалыптасуына және ұзақ және жиі ауыратындардың қалыптасуына жиі алып келеді екен.. Бірақ соңғы жағдайда алдыңғы орынға тыныс алу органдарының ауыруынан кейін екінші болып қан айналым жүйесінің аурулары, жарақаттар мен уланулар шығады. Дәл осы аурудың үш тобы барлық жағдайдың 52,7% және ұзақ және жиі ауыратындардың еңбекке жарамсыздық күндерінің 43,4% құрайды.

ҰЖА тұлғалардың сырқатын сараптау (кесте 3.9) тыныс алу органдарының ауыру нәтижесінде жұмыс істейтін 100 әйелге 14,3 оқиғасы және еңбекке жарамсыздықтың 200,0 күні сәйкес келетінін көрсетті.

Қан айналым жүйесінің ауыруы кезінде бұл көрсеткіштер 6,2 жағдайды және 124,6 күнді, жарақаттану мен улану кезінде – 6,1 жағдай мен 134,4 күнді құрады. Бүтін алғанда барлық жұмысшы әйелдерде бұл көрсеткіштер 21,0 күнге тең бір жағдайдың орташа ұзақтығында 50,5 және 1060,4 сәйкес тең келеді.

Кесте 1 - Ұзақ және жиі ауыратын әйелдердің ауырушаңдық көрсеткішінің құрылымы, (%есептегенде)

Ауырудың атауы

УЕҚЖ құрамындағы ҰЖА (% ) ҰЖА барлығы қортындысына Еңбекке %

жарамсыздық оқиғасы

Еңбекке жарамсыздық

күні

Еңбекке жарамсыздық

оқиғасы

Еңбекке жарамсызды

қ күндері I.Жұқпалы және паразитарлы

аурулар 46,1 55,7 1,2 1,1

II.Қатерлі ісіктер 100,0 100,0 0,1 0,5

III.Эндокринді жүйенің ауыруы, тамақтанудың, зат алмасудың және

иммунитеттің бұзылуы 31,2 58,7 1,0 0,9

IV.Қанның және қан шығару

органдарының ауруы 55,5 71,8 2,0 1,9

V.Жүйке жүйесінің және сезім

органдарының аурулары 40,0 60,9 11,5 10,7

VI.Қан айналым жүйесінің ауруы 63,9 82,0 12,3 11,8

VII.Тыныс алу органдарының

ауыруы 27,5 36,0 28,3 18,9

VIII.Ас қорыту органдарының

аурулары 39,4 41,2 7,7 6,6

IX.Зәр жыныс жүйесі аурулары 19,2 33,0 2,0 2,0

X.Жүктіліктің, босанудың және

босанғаннан кейінгі асқынулар 25,0 45,9 3,9 4,7

XI.Тері және теріасты шелі

аурулары 24,0 48,3 3,8 3,9

XII.Сүйек-бұлшық ет жүйесінің

аурулары 45,0 60,2 11,7 10,0

XIII.Жарақаттар мен уланулар 100,0 100,0 12,1 12,7

XIV.Жүктілік бойынша демалыс

(босанға дейінгі және кейінгі) 100,0 100,0 2,4 14,2

Барлығы 37,7 56,7

Сонымен, химия-фармацевтика зауытында жұмыс

істейтін әйелдердің УЕҚЖ ауырғандар құрамында алғашқы 5 орынды тыныс органдарының, жүйке жүйесінің, сүйек бұлшық ет жүйесінің, ас қорыту органдарының, қан айналым жүйесінің аурулары иемденеді. Бұл топтағы аурулардың барлық оқиғалар санындағы үлесі 74,1% және еңбекке жарамсыз болған барлық күндердегі үлесі 66,3% болды.

Кәсіпорында жұмыс істейтін әйелдердің ауыру деңгейінде алдыңғы орынды тыныс алу органдарының ауруы алады (52,0 оқиға және 555,0 күн).

Жұмысшылардың еңбекке жарамсыздығының нозологиялық бірліктері арасында аса жоғары көрсеткіштері жедел респираторлы вирусты аурулар (42,7 жағдайда және 446,8 күн), гипертониялық аурулар (5,2 жағдайда және 83,0 күн), күшті фарингит пен тонзиллит (6,8 және 58,5 сәйкес), бауыр және өт жолдары аурулары (4,2 және 71,5 сәйкес), тері қабынуы (4,4 және 52,1), өндірістегі бақытсыз жағдайлар, жарақаттар мен уланулар (3,4 және 73,9), жүйке және шеткі ганглилер аурулары (4,0 және 57,1) бойынша

қалыптасқан. Біздің пайымдауымызша, бұл көрсеткіштер белгілі мөлшерде жұмысшы әйелдердің еңбек ету жағдайымен және өмір сүру салтымен байланысты болып келеді.

Жұмысшы әйелдердің сүйек-бұлшық ет жүйесі патологиясының дамуына ауыр жүк көтеру, өнімді қораптау, арту, жабдықтармен жұмыс істеу еңбегінің ауыртпалығы, жұмыс алаңдарын жинастыру т.б.

жағдайларда дене қимылдарының кері әсерлері болып табылады.

50 жасқа келген және одан асқан, сонымен қатар 8 жылдан астам еңбек өтілі бар адамдардың ауыру деңгейі жасы төмен, еңбек өтілі кем топтармен салыстырғанда 1,4 есе жоғары. Біз жұмысшылардың еңбек өтілі мен олардың ауыру деңгейінің арасындағы тікелей күшті корреляциялық байланысты анықтадық (r=0,72). Демек, еңбек өтілінің ұлғаюына байланысты жағымсыз өндірістік себептердің ықпалымен жұмысшылардың ауыру деңгейі де жоғарылай береді деуге болады.

Кесте 2 - Ұзақ және жиі ауыратын әйелдер аурушаңдығының құрамы мен деңгейі (жұмыс істейтін 100 әйелге балап есептегенде)

Аурулардың атауы 100 әйелге балап есептегенде Бір күннің орташа ұзақтығы Оқиғалар Күндер

I.Жұқпалы және паразитарлы аурулар 0,6 12,2 20,3

II.Қатерлі ісіктер 0,7 5,1 72,0

III.Эндокринді жүйе ауруы, тамақтанудың, зат алмасудың

және иммунитеттің бұзылуы 0,50 10,1 20,2

IV.Қан және қан шығару органдарының ауруы 1,0 20,4 20,1

V.Жүйке жүйесінің және сезім органдарының аурулары 5,8 113,1 19,5 Соның ішінде жүйкенің және перифериялық ганглидің

аурулары 1,2 28,7 23,9

Асқыну аурулары мен көздің басқа да зақымдануы 1,6 23,5 14,7

Құлақтың ауруы 0,7 14,3 20,4

VI.Қан айналым жүйесінің аурулары 6,2 124,6 20,1

VII.Тыныс алу органдарының аурулары 14,3 200,0 14,0

Пневмония 0,18 83,15 17,5

ОРВИ 12,0 153,1 12,7

VIII.Ас қорыту органдарының ауыруы 3,9 70,2 18,0

Асқазан және 12-ішек жарасы 1,5 30,0 20,0

Бауыр және өт жолдары аурулары 1,2 25,2 21,0

IX.Зәр жыныс жүйесі аурулары 1,0 21,1 21,1

Бүйрек және зәр жолдары (нефрит және нефроз) аурулары 0,3 7,5 25,0

Әйел жыныс органдарының аурулары 0,7 14,7 21,0

X.Жүктіліктің, босанудың және босанудан кейінгі кезеңдегі

асқыну 2,0 50,0 25,0

XI.Тері және теріасты клетчатканың ауруы 1,9 41,8 22

Тері инфекциясы 1,3 26,0 20,0

XII.Сүйек-бұлшық ет жүйесінің және байланыстырушы

терінің аурулары 5,9 106,2 18,1

XIII.Жарақаттар мен уланулар 6,1 134,4 22,0

Өндірістегі бақытсыз жағдайлар, уланулар мен

жарақаттар 3,4 73,9 21,7

Тұрмыстағы уланулар мен жарақаттар 0,9 28,0 31,1

XIV.Жүктілік бойынша демалыс (босанғанға дейін және

кейін) 1,2 151,2 126,0

Барлығы 50,5 1060,4 21,0

Жыл бойы жұмыс істеген әйелдердің бірде-бір рет ауырмағандары 13,1% , сирек ауырғандары – 74,6% , жиі ауыратындары – 12,3% құрады.

Ұзақ және жиі ауыратын әйелдер еншісінде барлық аурушаңдық оқиғалардың 37,7% және барлық еңбекке жарамсыздық күндерінің 56,7% тиесілі.

Ұзақ және жиі науқастану негізінен тыныс алу органдарының, қан айналымы жүйесінің ауруларының, жарақаттар мен уланулардың есебінен пайда болған (барлық оқиғалардың 52,7% және 43,4% барлық

еңбекке жарамсыз болған күндерді ҰЖА әйелдер құрайды).

Әдебиеттер:

1. Кайрбеков А., Гаврилов С.С., Ережепов Б.Н. Пути и методы организации первичной профилактической бюллетень. Алматы. 2000, №17 - С. 74-77

2. Охрана материнства на производстве. Материа- лы международной конференции по труду. 87 сессия 1999 г. Доклад V(l). Женева: МВТ, 1999, 1 - 14с.

В статье рассмотрены особенности уровня и структуры заболеваемости по обращаемости и заболеваемости с временной утратой трудоспособности работающих,сформированных часто и длительно болеющими лицами уровня.

Установлено, что 56,7% от общего уровня заболеваемости приходится на заболеваемости, сформированные болезнями часто и длительно болеющих лиц. Из них 28,3% приходится на болезни органов дыхания, 11,1% - болезням костномышечный системы, 11,5% - болезнями нервный системы, 12,3% - болезням кровообращения, 12,1% - травмам и отравлениям и 7,7% - болезням органов пищеварения.

The article is discussed peculiarity level and structure disease temporary ability of workers of prolonged illing person. Es- tablished that 5,67% general level of diseases. 12,1% are diseases of skeletal-muscular systems. 11,5% are disease of nerve system. 12,3% disease of circulation 12,1% personal injury and poisoning and 7,7% diseases of digestion.

Dalam dokumen Science & H ealth Care (Halaman 147-150)

Garis besar

Dokumen terkait